«Ағымдағы жылдың бес айында облыста 270 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 1100-ден астам пәтер. Жыл соңына дейін кемінде 1 млн 150 мың шаршы метр тұрғын үйді - 7 200-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Биыл халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз етуге 5,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді, оның ішінде 774 жалға берілетін пәтерге 4,9 млрд теңге және 91 пәтер сатып алуға 760,4 млн теңге бөлінді», - деп хабарлады облыс әкімі. 


Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 824 шақырымдық инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға (электр, газ және сумен қамту, кәріз жүйелері) 11 млрд теңгеден астам бөлінеді.  
Сонымен қатар, өңірде үйлерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде - жыл соңына дейін 28 жобаны іске асыруға 1 млрд теңге бөлінді. 


Сондай-ақ, тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары демеушілік қаражатпен де жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Ақтөбе облысының әкімдігі мен ERG корпорациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында жалпы сомасы 540 млн теңгеге 32 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


«Маңызды мәселелердің бірі болып әрқашан әлеуметтік нысандардың құрылысы қала береді. Халықты сапалы медициналық қызметтермен толықтай қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жалпы құны 900 млн теңгеден асатын 8 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу үшін 4800 балаға арналған 15 білім беру нысаны салынып жатыр, оның ішінде 10 нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Нәтижесінде 5 үш ауысымды, 6 тапшы, бір апатты және 3 ескі мектептің мәселесі шешіледі», - деді спикер.  


Сондай-ақ, облыста спорт нысандарының құрылысы да жалғасуда. Жыл басынан бері роллерлік шаңғы трассасы, триатлон паркі және 2 спорттық-сауықтыру орталығы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін облыстың тағы үш ауданында спорттық-сауықтыру кешендерін пайдалануға жоспарлануда.