Ералы Тоғжанов бұл туралы ұмытпағанын айтты. «Бұл осы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында болды. Әртүрлі нұсқалар қарастырылды, өйткені мен  вакцина өндіруге кепілдік беруім керек. Вакциналарды қажетті көлемде құйғанға дейін биологиялық қауіпсіздік ҒЗИ-да субстанция әзірленеді, содан кейін бак-өнім дайындалады, содан кейін ғана вакцина құйылатынын өздеріңіз жақсы білесіздер. Оны Түркияның өндірістік алаңында жасаймыз деп ойладым. Бірақ бүгінде Отардағы биофармацевтикалық зауытта жедел жұмыстар атқарылып жатыр. Сәуір айында зауыт құрылысы аяқталғанын білесіздер. Қазіргі кезед жабдықты монтаждау жұмыстары аяқталды, ал 19 маусымда құю желісі алғаш рет сынақ ретінде іске қосылды. Негізінде, Қазақстанда да құюға мүмкіндігіміз бар. Қазір валидациялық кезең жүріп жатыр, ол кем дегенде 1,5-2 айға созылады. Осыдан кейін 600 мың доза құйылады. Ол тамыздың 30-ы күндері - қыркүйектің басында біздің зауыттың базасында жүзеге асырылады», - деп жауап берді вице-премьер.