Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова осындай мәліметтермен бөлісті. 


Сонымен қатар, ол жаңа тізімде неге вакцинация мен ПТР тест міндетті болып табылатынын, ал антиденелер туралы анықтама секілді балама жоқ екендігін түсіндірді. 


 «Ауырып жазылған адамдар міндетті түрде ПТР-тест болуы тиіс санатқа жатпайды, ал ауырып жазылғандарға үш ай уақыт беріледі. Қазір қайта ауыру жағдайлары тіркеліп жатыр, клиникалық хаттамаларға «қайталанған жағдай» ұғымы енгізілді - бұл ауырғаннан кейін 3 ай өткен соң тіркелген жағдай. Мұндай жағдайлар бар, сондықтан біз алты айдан 3 айға дейін азайттық. Айта кетерлік жайт, ауырған адамдарды вакцинациялау үшін қарсы көрсетілімдер жоқ. Бұл қарсы көрсеткіштер, дәлірек айтқанда, шектеулер алғашқы кезеңдерде енгізілді және вакциналардың, әлемде жеткіліксіз болуына байланысты енгізілген. Бұл ретте ауырмағандарға басымдық берілді, өйткені бұрын ауырғандарда аз уақытқа болсын, қорғанысы бар. Антиденелерге тест тапсыруға келетін болсақ, антиденелердің қандай титрі қорғай алатыны туралы нақты дәлелденген ғылыми мәліметтер жоқ, сондықтан біз бұл норманы енгізген жоқпыз», - деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.