Оның айтуынша, 2021 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 295 млрд теңгені құрап, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10% артқан. Ал өнеркәсіп саласында үлесі 84,4 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 251 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 10% өсті.  


«Өнеркәсіп – қала экономикасының негізін құраушы сала. Жалпы өңірлік өнімдегі үлесі – 24,6 пайыз. Мемлекет басшысы Жолдауда өңдеу өнеркәсібін алдағы 5 жылда кем дегенде 1,5 есеге өсіруді тапсырды. Осы мақсатта бірнеше бастама қолға алынды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Қазіргі таңда инфрақұрылымын қалыптастыру жұмыстары басталды. 306 гектар жер аймақта құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі дамитын болады. 200 млрд теңгеге 5 мыңнан астам жұмыс орнымен 50 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.», - деді Әйтенов.  


Одан бөлек, жеке индустриалды аймақтарды ашу бойынша да жұмыстар жүріп жатыр. 


Шымкенттің 3 индустриалды аймағында алғашқы бес айда 1,8 млрд теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 38,1 млрд теңгеге 754 жұмыс орнымен 13 жоба іске қосылады.