Оның айтуынша, қабылданған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында экономиканың құлдырауына жол берілген жоқ. Биыл қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,8% құрады. 


«Өнеркәсіпте 19,7% өсу қамтамасыз етілді, құрылыс 24,7%-ке, байланыс қызметтері – 13,4%-ке ұлғайды, сауда - 4,7%-ке өсті. Тұрғын үйді пайдалануға беру 13,3%-ке артты, 570 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Биыл 2 млн 600 шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Негізгі капиталға тартылған инвестициялар 32,7%-ке ұлғайып, 355,4 млрд теңгені құрады. 1,1 трлн теңге салық жиналды. Оның ішінде 350 млрд теңге жергілікті бюджетке түсті», - деді Б.Сағынтаев. 


Ал инфляция деңгейі 3,4%-ті құрады, бұл республика деңгейінен төмен (ҚР – 3,5%).