Шара аясында 4 686 құжаттанбаған адам анықталды. Олардың басым бөлігі – Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола, Жамбыл облыстарында тіркелген.  


«3 408 адам жеке басын куәландыратын құжат алды, 1 278 - қатысты адамдарды құжаттандыру мәселесі аяқталуда, 1797 адам бұрынғы КСРО-ның қызыл төлқұжатымен жүрген. Қазіргі кезде аталған науқан жалғасуда», - деді С.Сейтжанов. 


Оның айтуынша, мүлдем құжатсыз жүрген азаматтар өздерінің құқықтық мәртебесін анықтау және жеке басын куәландыратын құжат алу үшін жергілікті көші-қон қызметі бөліністеріне жүгіне алады.