Оның айтуынша, амбулаториялық деңгейде 3 750 пациент бақылануда, КВИ ауыр ағымының жоғары қаупі бар 60 жастан асқан пациенттер ерекше назарда. 

«5 айдың ішінде амбулаториялық кезеңде 30 мыңнан астам пациент емделді, бұл бүгінгі күнге дейін инфекциялық стационарлардың жүктемесін аса жоғары деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, біз коронавирустық инфекцияның «жасарғанын» байқадық. 5 ай мен маусымның 25 күніндегі сырқаттанушылықты талдағаннан кейін, сәуірмен салыстырғанда әлдеқайда жас адамдар ауруханаға жатқызыла бастағанын көреміз. 30-40 жастағы пациенттер стационарларға жиі жатқызыла бастады. Ссәуір айымен салыстырғанда, реанимацияға жатқызылған ауыр жағдайдағы науқастар 10 жасқа кіші жастағы азаматтар. Жүктеме 65% - ға дейін өсті. Қайтыс болып жатқандар да жас. Қорытындылай келе, қазіргі уақытта КВИ клиникалық ағымында өзгерістер бар деп айта аламыз. Сонымен қатар, жас адамдар түсіп жатыр, сондай-ақ бірнеше күннің ішінде өкпеге тез зақым келеді. Кейде пациенттер КТ нәтижесінде өкпенің 5-10% зақымдануымен түссе, 3-4 күннен кейін, жүргізілген емге қарамастан, өкпенің зақымдануы 60-70% жетеді. Өкпе зақымдануынан басқа, ми, жүрек, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының, буындардың, жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты өкпелік емес синдромдар да бар», - деді дәрігер. 


Бақылауларды қорытындылай отырып, Атығаева сырқаттанушылықты төмендетудің, стационарға жатқызу, реанимацияға түсу мен өлім қаупін төмендетудің жалғыз тиімді әдісі вакцинация екендігін атап өтті. 


«Әрине, әр адам өзі таңдайды, бірақ әрбір саналы тұлға өзін осы инфекциядан қалай қорғауға болатынын ойлауы керек!»,- деді спикер.