Оның айтуынша, қазіргі кезде халық арасында вакциацияға деген ұмтылыс артып отыр. Соңғы тәулікте 88 мыңнан астам адам бірінші компонентпен, 46 мыңнан астамы екінші компонентпен егілді.  

«Соңғы мәлімттерге сәйкес, Қазақстан бойынша 3 335 172 адам вакцинаның бірінші дозасын алса, 2 596 000 адам 2-ші дозасын салдырды. Халық арасында сырқаттанушылық жағдайының өзекті мәселелерінің тағы бірі – стационарларға жатқызылған адамдар саны. Қазіргі кезде 596 науқастың жағдайы ауыр, оның ішінде 103-і өте ауыр жағдайда, 67-і ӨЖЖ-мен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерге жүргізілген талдауға сәйкес, соңғы 7 күнде жұқпалы аурулар стационарларында жатын орындарды қамтамасыз ету 25%-тен 29% дейін артқан, реанимациялық төсек-орындар қажеттілігі 20%-тен 24% дейін өсті», - деді А.Қуатбаева.   


Соңғы ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, індетті қайта жұқтыру қаупі науқас ауырғаннан кейін үш ай өткен соң жоғары болуына байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, ауырған науқастарға 3 айдан кейін екпе салдыру жұмыстары қолға алынды. 


Спикер басқа мемлекеттермен вакцинация паспортын тиімді пайдалану жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бүгінде Венгрия, Тайланд, Моңғолия азаматтарының егу паспорты елімізде қабылданады, ал қазақстандық вакцинация паспорты аталған елдерде пайдалануға жарамды болып табылады.