Денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау саласын қолдауға қомақты қаражат бөлінді. 14 стационардағы төсек-орын саны 2 мыңға жетті, оның 1400-інде (75%) науқастар жатыр. Күн сайын стационарларға 200-ге жуық пациент келіп түседі. Ал зертханалар саны екіден 27-ге дейін өсті. Тәулігіне 10 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі. 
 

«Тестпен қамту және оның оң нәтижелерін анықтау жағдайлары ұлғайды, бұл дер кезінде емдеуге септігін тигізеді. Қазір белсенді вакцинация жүріп жатыр. Қоғамда өздері келіп, егілген саналы азаматтарға алғыс айтқым келеді, бұл қосымша ұжымдық иммунитетті қалыптастырады және бірінші кезекте азаматтардың өздерін және басқаларды қорғайды. Ұжымдар мен қала тұрғындарын егу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Барлық емханаларда, жеке және мемлекеттік амбулаториялық мекемелерде вакцинация пункттері ашылды. Ірі сауда орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді. Осы сауда орталықтарының кәсіпкерлеріне, басшылары мен құрылтайшыларына алғыс айтқым келеді, бұл бізге көп көмектеседі. Адамдарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ұсынылды. Сарапшылардың айтуынша, КВИ-мен күресудің басқа жолы жоқ. Медицина қызметкерлерінің 90% - дан астамы, коммуналдық қызметтердің 70% - дан астамы егілді», - деп атап өтті қала басшысы. 


Ол сондай-ақ, мобильді топтар ұжымдарға барып, вакцинациялауға көмектесетінін жеткізді. 1 300-ге жуық бизнес субъектісі «Ashyq» жүйесін қосылды. Үйде отырмаған қызыл мәртебесі бар адамдар да анықталды. Олар «ақшалай» жазаланды. 


Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің 350 түлегі коронавируспен күресушілер қатарын толықтырды. Жергілікті бюджеттен қосымша 500 грант бөлінді. Машиналар паркі 100% жабдықталды. Қосымша жабдықтар, оттегі резервуарлары, ӨЖЖ аппараттары сатып алынуда.