Президент Қазақстан халқына Жолдауында билік органдарының шешімдері мен іс-әрекеттеріне шағымдану кезінде азаматтар тең емес жағдайда екенін, өйткені олардың мүмкіндіктері мемлекеттік аппараттың ресурстарымен салыстыруға келмейтінін айтты. Бұл айырмашылықты жою үшін ӘРПК қабылданды. 


ҚР Әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте құжат мемлекеттік басқару процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және қатардағы азамат пен мемлекеттік аппараттың тең мүмкіндіктерін теңестіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. 
 
«Жүйе жұмыс істеуі үшін кодексте жеке тұлғаларды билік субъектілерінің ықтимал теріс пайдалануынан қорғауға арналған жаңа қағидалар енгізілуде. Құқықтардың басымдығы қағидаты құқық қолданушыларды заң актілерінің барлық қайшылықтары мен түсініксіздіктерін азаматтардың пайдасына түсіндіруге міндеттейді. Мысалы, егер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін регламенттейтін құжатта 3 күн мерзім белгіленсе. Бірақ мұндай мерзім жұмыс немесе күнтізбелік күндерде есептелетіні көрсетілмеген болса, онда сіз 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет көрсетуіңіз керек, өйткені бұл опция азамат үшін ең қолайлы. Шамаластық принципі қойылған мақсаттың жарамдылығы, қажеттілігі және пропорционалдылығы үшін белгіленген шектеу шараларын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл принцип шешімдердің заңдылығын тексерудің өлшемі болып табылады. Қала ішінде әкімдік кейбір учаскелерде жылдамдықты шектейді. НҚА-да қалада қайда және жылдамдық режимін қаншалықты шектеуге болатындығы жазылмаған. Шамаластық қағидаты соттарға жылдамдықты шектеу шешімінің қаншалықты қажет және мөлшерлес екенін тексеруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер. 


Ең бастысы, азамат бір рет қабылданған шешім заңды, дәйекті және егер оның кінәсі болмаса, оны жою мүмкін емес екеніне сенімді болуы керек.