«Әкімшілік рәсімдерді реттеудің енгізілетін моделі сот органдары тарапынан тиісті бақылау болмаған жағдайда өз әлеуетін толық іске асыра алмайды. Осыған байланысты сот ісін жүргізудің әкімшілік түрі енгізіледі. Халықаралық сарапшылар тарапынан сенім бар деп айта аламыз, өйткені кодекс бірнеше рет түрлі сараптамалық алаңдарда талқыланды. Еуропа кеңесінің құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы кодекс ережелері бойынша оң бағасын берді. Сонымен қатар, Венеция комиссиясы кодекс сапалы және әкімшілік әділет саласындағы реформаларға одан әрі серпін бере алатынын атап өтті», - деп хабарлады Әділет вице-министрі Наталья Пан Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қазіргі уақытта Үкімет кодекс ережелерін халық арасында кеңінен жариялауға бағытталған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жұртшылық тарапынан айтарлықтай қызығушылық байқалады. Мемлекеттік аппарат та жаңа жағдайда жұмысқа дайындалуда. Жаңа кодекстің ережелері бойынша 66 мыңға жуық мемлекеттік қызметші, әкімдіктер де оқудан өтті. Іске асыру құралдарының бірі «E-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу болады.
Жалпы, ӘРПК қолданысқа енгізу мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастарға жаңа формат береді.
Брифингтерден хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналға жазылыңыз!