«Жыл басынан бері 163,6 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды, тұрғын үй құрылысына инвестициялардың өсуі 11,8% - ды құрады - биыл 20 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылуда. Егер несиелік тұрғын үйге келсек, ағымдағы жылы 25 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, жаңа 32 КПТҮ құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үйдің жаппай салынуы «Отбасы банк» филиалына соңғы 5 жылда депозиттік портфельді - 3,1 есе, кредиттік портфельді - 4,1 есе ұлғайтуға мүмкіндік бергенін, бұл ретте салымшылардың саны 2,1 есе артқанын атап өткім келеді. Яғни, 37 мыңнан 78 мыңға жуық облыс тұрғыны өз ақшаларын «Отбасы банкке» сеніп тапсырды», - деді өңір басшысы 


Жыл басынан бері 953 несиелік тұрғын үй пәтерлері сатылды. 


Бұдан басқа, облыста орталықтандырылған сумен ауыл халқының 64,7%-ы немесе 188 ауылдық елді мекен қамтылған. Ағымдағы жылы «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл - ел бесігі» және Жұмыспен қамту жол картасы мемлекеттік бағдарламалары аясында ауылдық және қалалық сумен жабдықтау және су бұрудың 50 жобасын іске асыруға 16 млрд теңге бөлінді. Алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтауға 7 ауылды қосу, 11 ауылда суды тазарту және тарату пункттерін орнату, 104 ауылда тасымалданатын суды тарату пункттерін орнату және 15 ауылды сумен жабдықтауды жақсарту жоспарланып отыр. Нәтижесінде елді мекендерді сумен жабдықтау қызметтерімен қамту 59,8% – ға дейін, ал 2022 жылы 75,2% - ға дейін артады. 


«Біз аймақтағы ең проблемалы мәселе – Арқалық қаласын жылумен қамту мәселесін шешу бойынша қажетті шаралар қабылдадық. 
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Арқалық ЖЭО-ны қатты отынға ауыстыру жоспарлануда, бұл жыл сайын бюджет қаражатын 1,3 млрд теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Өткен кезеңде бас корпустың металл конструкцияларын, су жылыту қазандықтарына арналған су жылыту желілерін, 2 циклон мен 2 ауа жылытқышты монтаждау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 2 су жылыту қазандықтарының конвективті бөліктері орнатылды», - деп атап өтті әкім.