Елорда күніне орай, 4 шілде Нұр-Сұлтанда елімізде теңдесі жоқ Astana Opera Халықаралық опера академиясы өз жұмысын бастайды. Академияның негізгі мақсаты – еліміздің және тұтастай еуразиялық кеңістіктің жас әншілерін кәсіби тұрғыдан даярлау және жоғары деңгейіне жағдай жасау. Академия өзінің бірқатар білім беру бағдарламалары негізінде опера әншілерінің шеберлігін жетілдіретін болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының директоры Ғалым Ахмедьяров мәлімдеді. 


Оның айтуынша, әлемнің көптеген әйгілі театрларының өздеріне тиесілі опера академиялары бар, онда жас вокалистерге кәсіби тұрғыдан жетілуге мүмкіндік беріледі әрі үлкен сахнада жұмыс жасауға дайындайды. Бүгінде Қазақстанда кәсіби вокал мектептері бар, ол жерде опералық ән айту өнерін үйретеді. Біздің академиямыздың ерекшелігі – конкурстық тыңдау нәтижелері бойынша академияға түскен жас әртістер вокалдан сабақ алудан бөлек, екі жыл бойы түрлі пәндерді оқиды, демек бір мезетте түрлі салада кәсіби өсу мүмкіндігіне ие болады.  


«Жас вокалистердің болашағы жарқын: біз әлемнің танымал әншілері мен өз қызметінің аясында мол тәжірибесі бар тәлімгер ұстаздарды шеберлік сабағын өткізуге шақыратын боламыз. Өздеріңіз білетіндей, операның отаны – Италия, сондықтан классикалық репертуардың айтарлықтай маңызды бөлігі итальян тілде жазылған туындылардан тұрады. Сол себепті білім беру бағдарламасына шет тілін үйрену де енгізілді. Әртістер үшін міндетті бағыттар – сахналық қимыл-қозғалыс пен актерлік шеберлік. 

Академия қатысушыларының практикалық қызметінің маңызды аспектісі – кең ауқымды сахналық тәжірибе. Жас әртістер театр спектакльдеріне қатысып, рөлдерді орындай алады, сондай-ақ олар «Астана Опера» Камералық залы сахнасында түрлі концерттік бағдарламалар әзірлей алады», - деді театр директоры. 


Ғаламат концерт Академияның ашылуымен қатар, ең басты мерекелеріміздің бірі – Елорда күніне орайластырылған, оған керемет шетелдік әртістер қатысады. Оның ішінде, Марианджела Сицилия, маэстро Джузеппе Акуавива, Риккардо делла Шукка, Маттиа Росси (Италия), Либуше Санторисова (Чехия-Италия), Бадрал Чулуунбаатар (Моңғолия), Саян Исин (Қырғызстан) сияқты жұлдыздар шақырылдық. Сондай-ақ бағдарламаға отандасымыз, қазір Германияның опера театрларында өнер көрсетіп жүрген Бауыржан Әндержанов те қатысады.