«Бүгінде «Астана Опера» репертуарында 38 спектакль бар: 17 опера және 21 балет – аса көрнекті отандық композиторлардың шығармалары, әлемдік опера және балет классикасы, заманауи хореографтардың қойылымдары. «Астана Опера» театры екі рет жоғары мемелекеттік және халықаралық атаққа ие болды. Ол, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсы үшін Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы және «Жылдың театр алаңы» номинациясы бойынша классикалық өнер саласындағы халықаралық «BraVo» сыйлығы», - деді вице-министр.  


Н.Дәуешев Қазақстанның опера және балет өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігі әртістердің сахна шеберлігінің өсуіне әлемнің үздік театр шеберханаларында білім алуына қолдау көрсетеді. Осылайша, опера және балеттің жетекші солистері Ла Скала театрының академиясында, Вена операсында, Мариин театрында және басқа да халықаралық опера мектептерінде тәжірибе алмасып, тағылымдамадан өтеді.  


Елімізде 3 опера және балет театры және 1 балет театры қызмет атқарады. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Түркістан облыстық опера және балет театры, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры және «Астана Балет» театры.