Ол осы күні «Астана Балет» дарынды хореографтар мен балет труппасымен жасақталғанын, театрда музыкалы-хореография драматургиясына, туындының идеясы мен жалпы би лексикасын байытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. 


«Астана Балет» театрында балет өнерін дамытудың негізгі тенденциялары: ұлттық балетті дамыту, балет сахнасында ұлттық дәстүрді бейнелеудің мейлінше көркем құралдарын табу; 
классикалық академиялық би дәстүрін сақтап, классикалық мұра саналатын балеттерді сахнаға шығару; заманауи хореографияға көңіл аудару.


«Карантин қойылымдар мен жаңа режиссерлерді тартуға аздап кедергі келтірді, сондай-ақ біз ұлттық тарихқа деген қызығушылықты байқап отырмыз. Бүгін және ертең Георгий Ковтунның «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» заманауи хореографиялық стильдегі балет-эпостың ұлттық жауһарының тұсаукесері өтеді. Кеше спектакльді тапсырдық. Бұл бірегей хореографиялық туынды, толыққанды, екі актілі, музыкасы керемет. Баршаңызды осы қойылымды тамашалауға шақырамын. Сондай-ақ, коллекциямызда «Желтораңғы туралы аңыз», «Әлем», «Жусан», «Сұлтан Бейбарыс» ұлттық спектакльдері, сондай-ақ жеке элементтерден құралған «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы бар. «Астана Балет» шығармашылық ұжымы Қазақстан қалалары мен жақын және алыс шетелдерге гастрольге барып, еліміздің туын асқақтатуда. Карантин жағдайында гастрольге жиі шығуға мүмкіндік жоқ, қазақстандық балет өнері елордада толық дәрежеде бар, жақын күндері, 7-8 шілдеде біз Көкшетау қаласына барамыз», - деп атап өтті спикер көрермендерді би мерекесіне шақыра отырып.  


«Астана Балет» театрының шығармашылық қызметінің 9 жылы ішінде Уильям Форсайт, Джордж Баланчин қорының хореографтары Нанетт Глушак және Виктория Саймон; Раймондо Ребек, Николо Фонте, Надежда Калинина сияқты әлемдік балет грандтарымен бірлескен жұмыс жүргізді. 


Жаңа театр маусымында ұжым өз репертуарын «Тағдыр арканы» спектаклімен, Джордж Баланчиннің «Рубин» балетімен толықтыруды жоспарлап отыр. Театр басшысы балет жанкүйерлері үшін үлкен тосынсый әзірленгенін де жеткізді.  


Айта кетейік, театр базасында «Астана Балет» балалар студиясы жұмыс істейді. Ал күзден бастап театрдың өз оркестрі болады.