«Токио Олимпиадасында басымдықтар біршама өзгерді. Спортшылар лайықты өнер көрсете алатын жаңа спорт түрлері бар. Сондықтан бокс, күрес түрлері, дзюдо туралы айтуға болады. Жүзуде Дмитрий Баландин лайықты өнер көрсете алады деп үміттенеміз, ол дайындалып жатыр, нағыз бабында. Велоспортта, ауыр атлетикада, гимнастикада, таэквандода, альпинизмде спортшылар сәтті өнер көрсетеді деп ойлаймыз. Каратеде де мүмкіндіктер барын атап өткім келеді. Негізінен осы спорт түрлерінен үздік нәтижелер болады деп ойлаймыз», - деп атап өтті ҰОК өкілі.