Еліміздің азық-түлік қоржынындағы 43 атаудың 33-і Солтүстік Қазақстан жерінде өндіріледі. Облыс елімізге астық көлемінің төрттен бір бөлігін, майлы дақылдар көлемінің үштен бір бөлігін, жұмыртқаның 11% - ын, сүттің 10% - ын береді. 


«Өсімге әлеует бар. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бір жыл ішінде 27% - ға, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 613 млрд-тан 779 млрд теңгеге дейін өсті. Ел ауқымында солтүстік өңірдің үлесі - аграрлық сектордағы барлық көлемнің 12% - ы. Біз өзіміз үшін жаңа кешенді жоспар аясында көлемді 1 триллион теңгеге дейін жеткізу міндетін алға қойып отырмыз. Өршіл міндет, бірақ жүзеге асыруға болады. Жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығын әртараптандыру тұрақты өсімнің негізіне айналды. Біздің облыс – майлы дақылдар өндірісі бойынша көшбасшы, жыл сайын 1 млн га себіледі - бұл республикадағы барлық алқаптардың үштен бірі. Күнбағыс дақылдары 70% - ға өсті. Сонымен қатар, қарақұмық алқаптары 5 есе өсті. Біз өңірдің осы өнімге деген қажеттілігін толығымен өтейміз», - деп сендірді Ақсақалов.


Әртараптандыру бойынша міндет орындалды, енді өңір майлы дақылдарды қайта өңдеумен Мұқият айналысады. Маусым айында қуаты 370 мың тонна май экстракциялық зауытының құрылысы басталды. Өңірге 15 млрд теңге инвестиция тартылады. 200-ден астам тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.


«Барлық май зауыттарын толық жүктегенде, біз майлы дақылдардың 90% - на дейін қайта өңдейтін боламыз. Кәсіпорында сондай-ақ жоғары протеинді жемшөп қоспалары, күнжара және шрот алынатын болады. Агросекторда жоғары мақсаттарға жетудің локомотиві сүт бағыты болып табылады. Елімізде соңғы 3 жылда 32 өнеркәсіптік сүт кешені іске қосылды. Оның ішінде тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана 12 сүт фермасы ашылды. Яғни, әрбір үшінші ферма біздің облыста салынған. Биыл 16 кешен салып жатырмыз. Жыл соңына дейін 10 сүт фермасын іске қосамыз.  Жыл сайын 10-15-тен тұрғызамыз. Барлығы 52 сүт-тауар фермасын саламыз. Олар 64 ауылда орналасады.  Бұл дегеніміз, екі мыңнан астам ауыл тұрғыны жыл бойы жұмыспен қамтылады», - деді әкім.  


Осы жобалардың арқасында сүт өндіру көлемін 2 есеге - 1 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.