Бұл фильмді түсіру идеясы 2015 жылы туған, жұмыстар 4 жылдан кейін – 2019 жылдың желтоқсанында басталды. Коронавирус пен локдауннан туындаған қиын жағдайларға қарамастан, түсірілім тобы 19 ай бойы еңбек етті. Ұзақ сұхбаттың бірнеше сессиясынан кейін деректі фильмдер бүкіл ел бойынша экспедицияларға аттанды. Карантин өз әсерін тигізді, дегенмен COVID-19 қызметкерлердің жұмысты жалғастыруына кедергі болмады.  

«Бұл фильмді қолымыздан келгенінше жасадық. Менің өмірімдегі ең үздік еңбектерімнің бірін шығардым деп санаймын, тіпті, ең жақсысын дер едім. Мен әр түрлі фильмдерде әр түрлі режиссерлермен, ұлы режиссерлермен жұмыс істегем. Оливер – менің ұстазым, бірақ ол белгісіз бір себептермен бұдан бас тартты... Ол бұл ойымды жүзеге асыру үшін көп үлес қосты. Әлемге әйгілі үлкен жұлдыз, драматург, жазушы және кинорежиссерге не қажет? Дұрыс сұрақтар қою керек, оны сіз сұрақ қойған адам жауап беретін дәрежеде қою керек. Егер мақсат бірден жоғары қойылса, онда сұхбат нақты фактілерге байланысты бола отырып, өте жоғары деңгейде болады», - деді режиссер жұмыстың күрделілігіне тоқтала отырып.  


Ол сондай-ақ жақсы фильм түсіру жеткіліксіз, оны қалың көрерменге жеткізу үшін аудиторияға ұсыну керек екенін айтты. Игорь Лопатенок, еліміздегі өзгерістерге қатысты өз бақылауларымен де бөлісті. 

«Соңғы рет Қазақстанда фильм түсіруді бастағанға дейін, 1993 жылы болғам. Ақша реформасы енді ғана аяқталғанда. Содан кейін Нұр-Сұлтанға 2019 жылдың қыркүйегінде ұшып келдім. Мен Астананы, адамдарды танымай қалдым: өте жақсы жаққа өзгеріпсіздер. Бұл сырттан ғана көрінетін факт. Ішінде жүргенде мұны байқау қиын, бірақ бұған дейін қалай болғанын және қазір қандай екенін көргенде – бірден анық болады», - деді картина авторы.