«Менің атам әскери адам болған, әжем ұзақ уақыт Қазақстанда тұрған. Алғаш рет саналы жасымда Қазақстан туралы 10 жыл бұрын Америкада оқыған кезімде естідім. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген студенттері болды, бірақ тек Қазақстанда ғана студенттер мемлекет есебінен келіп, оқи алатын тамаша бағдарлама болды. Біз оларға қызыға қарайтынбыз. Бұл мемлекет құрып, адамдардың мінезін қалыптастырған, адамдардың дамуына жағдай жасаған нағыз Ұлт көшбасшысына керемет мысал. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген елдер тәуелсіздікке қол жеткізді, бірақ тек Қазақстан ғана дамуында осындай үлкен серпіліс жасады. Мен қонақжайлылығы және ел көрсеткен мысал үшін «рахмет» айтқым келеді. Сондай - ақ, Нұрсұлтан Әбішұлына осы елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік бергені үшін «рахмет» айтамын», - деді шығармашылық топ мүшесі.