1 шілде жағдайында, жалпы әлеуметтік төлем алушылар саны 3,6 млн адамды құрады, оның ішінде 2 млн 200 жасына байланысты зейнетақы алатын зейнеткерлер, қалғаны түрлі жәрдемақы алатын азаматтар.  


 
«Бүгінде корпорация тиісті мемлекеттік мекемелермен тығыз жұмыс істеуде. Бүгінде әлемде болып жатқан үрдістерге байланысты цифрландыруды дамытуға орай әлеуметтік саладағы жұмыстарды оңтайландыру мәселелері қарастырылып отыр. Басты мақсат – мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, төлеу кезінде оларды барынша проактивті форматқа ауыстыру. Қазіргі кезде әлеуметтік саладағы 11 мемлекеттік қызмет түрі проактивті форматқа аударылды. Ондағы басты шарт – азаматтар мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. 2017 жылға дейін бізден төлем алатын адамдардың барлығы ХҚКО келіп, құжаттарын өздері жинап, өткізетін болса, қазіргі кезде барлығы автоматтандырылған жүйеде іске асырылады. Мысалы, тек бір СМС-хабарламаға жауап бере отырып, бірден туу туралы куәлікті рәсімдеуге, балабақшаға кезекке тұруға және бала күтімі бойынша жәрдемақы алуға болады», - деді спикер халықты проактивті форматта әлеуметтік қызметтерді алу үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуге шақыра отырып.  


Сонымен қатар, алдағы уақытта адамға тұрғылықты жеріне қарамастан қызмет алуға мүмкіндік беру мәселесі шешімін табатын болады. Осылайша, 2021 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап 3 мемлекеттік қызмет көрсету бойынша эксаумақтық қағидатты енгізу жоспарлануда: бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақы; жүктілікке және босануға байланысты төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау; бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.