Оның айтуынша, Қазақстанда 8 шілдедегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның оң нәтижесі бар 445 091 науқас, 57 490 КВИ- тіркелген. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы 26 маусымнан бастап «қызыл аймақта» тұр. Онда тоғыз аймақ бар. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола және Маңғыстау облыстары. «Сары аймақта» - 6 өңір, «жасыл аймақта» - 2 өңір. 


«Әлемде «Дельта» штаммының таралуына байланысты денсаулық сақтау министрлігі КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. 2021 жылдың 1 шілдесіне үнді штаммын анықтау үшін 414 сынаманың ПТР скринингі өткізілді. Оның нәтижелері бойынша, 48,3%-да үнді штаммы барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2021 жылғы 7 шілдедегі жағдай бойынша «Дельта» КВИ штаммы әлемнің 104 елінде тіркелді», - деді М.Шоранов. 


Сондай-ақ, ол «Дельта» коронавирус штаммы аса жұқпалы және анықталған штамдарға қарағанда 60% жұқпалы екендігін тағы да атап өтті, орта есеппен 1 адамнан 5-6 адам жұғады, ал айналымдағы штамдардан 3-4 адам ғана ауру жұқтырады, жаңа штамм 7 күнге дейінгі қысқа инкубациялық кезеңімен де ерекшеленеді. 


«Дельта» штаммының таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық дерлік өңірлерде сырқаттанушылықтың өскені байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі – 1,9 есе. Инфекциялық стационарлардағы төсек-орындардың қамтылуы – 37%, реанимацияларда – 32%.