«Оның ішінде 5 959 ПТР тест нәтижесі оң науқас, және 5 770 науқаспен байланыста болғандар. Науқастарға және вакцинацияланбаған байланыста болған адамдарға міндетті түрде үйде карантинде болу тағайындалады. КВИ+ бар әрбір науқас ауруды 5 адамға дейін жұқтыруы мүмкін, ал әрбір байланыста боғлан адам – тағы бір адамға. «Ashyq»-ты қосу арқылы инфекцияның 30-40 мыңға дейінгі жаңа жағдайының алды алынды деуге болады. Мерекелік демалыстар қарсаңында ashyq.kz. сайтындағы QR тест арқылы ауырғандарды анықтау жағдайлары жоғарылады. Шілде айының басында ashyq.kz сайты арқылы мәртебені тексеру кезінде «қызыл» мәртебесі бар 1 382 адам анықталды. Министрлік жүйе мәліметтері «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық нысандарға барған кезде «қызыл» мәртебесі бар адамдарды тіркеу фактісін растау болып табылатын қағидаларды бекітті және олар күшіне енді», - деді спикер азамат өзін-өзі оқшаулау режимін бұзып, айналасындағыларға індет жұқтыру қаупін тудырғаны үшін 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза белгіленетінін түсіндіре отырып.  


Сонымен қатар, бизнес субъектілері де өз объектілерінде халық үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және «Ashyq» жобасына енгізу кезінде қойылатын шектеу шаралары мен талаптарды қатаң орындауға міндетті. 


«Тағы да еске салып өтейін, егер сізде ПТР тест нәтижесі оң болса немесе науқаспен тығыз байланыста болсаңыз, онда үйде карантинде болуыңыз керек, өйткені сіз басқаларға қауіп төндіресіз. Баршаңызды саналы болып, тәртіп сақтауға шақырамын», - деп атап өтті М. Шоранов.