«Бұл шешім 2020 жылы желтоқсанда қабылданған. Бұл ел аумағында КВИ пайда болуы мен оның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 2021 жылдың 5 маусым аралығында шетелдіктердің құжаттарын жарамды деп тану туралы шешім қабылданды. Бір жылдан астам уақыт өтті. Бұл заң болғандықтан тіркелу керек немесе визану ұзарту қажет. ҚР азаматтығына да ұсыныс берсеңіздер оған Отандастар қоры, Дүниежүзі қауымдастығы тарапынан барша көмек көрсетуге дайынбыз. Егер бұл талаптар орындалмаса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, қазіргі кезде Моңғолиямен шекара жабық. Дегенмен, бұл талапты орындау керек», - деді спикер өз жауабында.