«Тұрғын үй құрылысының қымбаттауына жол бермеу мақсатында Nur Otan партиясы бағдарламасын іске асыру аясында бес жыл ішінде 130 млн шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Біз енгізілетін тұрғын үйдің жыл сайынғы көлемін білеміз, бес жылдық кезеңге қандай құрылыс материалдары қажет екенін білеміз. Сондықтан қазір ұзақ мерзімді тікелей келісімшарттарды, «оффтейк» келісімшарттарды енгізу үшін заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер әзірледік, бұл құрылыс саласы бес жыл ішінде қандай көлемді салу керектігін білуі үшін және құрылыс индустриясы осы мерзім ішінде өз өндірісінің көлемін қамтамасыз етіп, ұлғайтуы үшін қажет», - деп түсіндірді спикер. 


Бұдан басқа, өнім құнының негізсіз көтерілуін болдырмау мақсатында отандық құрылыс материалдарының онлайн-саудасы бойынша «Маркетплейс» арнайы ақпараттық алаңын құру қарастырылуда. Мемлекеттің қолдауымен онлайн алаң құрылыс материалдарын белгіленген бағамен сатуға мүмкіндік береді.

«Бұл материалдардың құнын 15% - ға дейін төмендетуге және құрылыс материалдары нарығының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде 2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша құрылыс компанияларының құрылыс материалдарына қажеттіліктерінің онлайн-витринасы құрылды, онда қазақстандық құрылыс материалдарын өндірушілер қажеттіліктермен таныса алады және қажет болған жағдайда тіркеуден өткеннен кейін осы құрылыс компанияларына коммерциялық ұсыныстарын жібере алады. Құрылыс компанияларына жеке кабинеттерінде құрылыс материалдарын өндірушілерден коммерциялық ұсыныстар алынғаны туралы хабарлама келеді, онда олар коммерциялық ұсыныстарды қарау, таңдау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі уақытта витрина тестілік режимде іске қосылды, оның функционалдық тестілеуі жүргізілуде. Екінші кезеңде 2021-2022 жж. материалдарды өндірушілер үшін өз құрылыс материалдарының витриналарын жариялау функциясы әзірленетін болады. Барлық қатысушылар үшін ЭЦҚ-ны қолдана отырып, шарттарды онлайн жасасудың бизнес-процесін енгізу жоспарланған. Маркетплейсте логистикалық компаниялармен бірлесіп тауарларды жеткізуді бақылау функциясы пайда болады», - деп сендірді ведомство өкілі. 


Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының құрылыстағы жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында министрлік қолданылатын Құрылыс материалдарының номенклатурасын көрсететін электрондық тізілім құрғанын жеткізді. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде қазақстандық құрылыс материалдарын қолдану бойынша міндетті талаптар заңнамалық деңгейде енгізілді. 


Мысалы, жобалауға арналған тапсырмада міндетті түрде қазақстандық құрылыс материалдарының қолданылуы көрсетіледі; сметалық құжаттамада әрбір материалдың шыққан елі көрсетілетін жеке баған енгізілген; сараптама жүргізу қағидаларында ЖСҚ-да отандық құрылыс материалдарының көрсетілуін бақылау бойынша талаптар көзделген. Құрылыс кезінде осы талаптарды іске асыру үшін ағымдағы жылдың сәуір айында тапсырыс берушінің функцияларына өзгерістер енгізілді, орындалған жұмыстар актісінің нысаны есеппен толықтырылды, онда отандық құрылыс материалдарының көлемі көрсетіледі. Енді тапсырыс берушілер сатып алынған қазақстандық құрылыс материалдары бойынша мердігерлердің есептерін ай сайын көріп отырады. 
 
Жақында бұл есептер Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетіледі және ЖСҚ-да көрсетілген деректермен автоматты түрде салыстырылатын болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік сараптама порталдарының интеграциясы жүргізілуде.