«Тұрғын үй қатынастары саласындағы реформалар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару туралы азаматтардың шағымдарына байланысты қабылданды. Көппәтерлі тұрғын үйлерін толық басқару үшін пәтер иелері объектінің ортақ мүлкінің құрамын және әр пәтер иесінің үлесін анықтай отырып, кондоминиум объектісін тіркеуі қажет. Сондықтан пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өз үйінде МИБ немесе ЖС құру қажет екенін түсінуі тиіс», - деді спикер. 


МИБ немесе ЖС құру үшін жиналыс өткізуге бастамашылық жасау қажет. Қатысушылардың саны пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар иелерінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Өткізілетін жиналыс туралы хабарландыру көпшілікке қолжетімді жерлерде 10 күн бұрын жарияланады. МИБ немесе ЖС басқару нысанын таңдау бойынша жиналыс барлық меншік иелерінің кемінде 50%-ы қатысқан жағдайда заңды деп саналады және шешімдер қатысушылардың басым көпшілігінің келісімімен қабылданады.  


«Жиналыс келу тәртібімен өткізілмеген жағдайда, жазбаша сауалнама жүргізу туралы шешім хаттамамен тіркеліп, жазбаша сауалнама жүргізу уақыты белгіленеді. Жеті күнтізбелік күн ішінде жазбаша сауалнама парағы әрбір меншік иесіне жіберіледі. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап 1 айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Тұрғындар үшін ең бастысы - тұрғындардың дауысын дұрыс есептеу, жиналыс хаттамасын рәсімдеу және заңды тұлға ретінде тіркелу үшін ХҚКО-ға тапсырылатын құжаттардың толық пакетін рәсімдеу», - деді Нұрбек Серіков. 


Ұйымдастырушылық және қаржылық мәселелер бойынша жиналыс құжаттарының үлгілерін, сондай-ақ басқа да ақпаратты ZHKH.KZ сайтынан табуға болады. 
2022 жылғы 1 шілдеге дейін басқарудың барлық ескі нысандары, ПИК, пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері, тұтыну кооперативтері жаңадан құрылған МИБ және ЖС-ке акт бойынша барлық қолда бар техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беруі және ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуы тиіс.