«Мақсатты аудитория - үздік жоғары оқу орындарының түлектері, олимпиадалардың, халықаралық конкурстардың жеңімпаздары, үздік диплом иегерлері. Біз қызыл дипломның басты көрсеткіш емес екенін түсінеміз, сондықтан да біз белсенді өмірлік ұстанымы бар, кәсіби құзыреттер жиынтығы: коммуникативтілік, креативтілік және әдеттен тыс ойлау дағдылары бар креативті жастарға мүдделіміз». Дәстүрлі іріктеу жүйесінде үміткерлер құжаттарын тапсырып, әңгімелесуге келетін рәсім белгіленген. Бұл тәсіл әлеуетті үміткерлерді жақсы тануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан сарапшылар тобымен бірге кандидаттардың моральдық-іскерлік қасиеттерін алдын ала зерделеу кезеңін енгізу орынды болатыны туралы мәселені пысықтадық",- деді спикер.

 

Іріктеу нәтижелері Агенттік басшылығы мен мүдделі қызметтерінің қатысуымен өтетін әңгімелесуде қаралатын болады. Кандидаттарға келесі кезеңнен өтуге – құқық қорғау органдары академиясында емтихан тапсыруға және одан әрі оқуға жолдама беріледі.