«Бұл мұғалімдерді ынталандыратын, олардың имиджін арттыратын тағы бір жоба. Бұл жай байқау, жай жоба емес, біз үшін бұл білім беру саласында оң өзгерістер тудыруы тиіс тұтас бағдарлама. Бұл бағдарламаның қалай жүзеге асырылатындығы мұғалімдердің осы конкурсқа қатысуына байланысты. Өйткені, алдағы уақытта дәл осы мұғалімдер ауыл мектептеріне грант алуға өтінім беріп, сол идеяны жүзеге асыра алады. Қазақстанның 30 ауыл мектебі грант алады, біздің қолдауымыздың арқасында олар осы идеяларды жүзеге асыра алады», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ол өткен жылы Қор білім беру саласында төрт жобаны жүзеге асырғанын және бүкіл ел бойынша 8500 бенефициарды қамтығанын жеткізді. Инклюзивті білім беру саласына ерекше көңіл бөлінеді. Өңірлерде психологиялық-педагогикалық түзетудің инклюзивті кабинеттерін, өңірлік мектептерде ресурстық орталықтарды ашуға бағытталған «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» жобасы мысал бола алады. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде ел бойынша 10 500 ерекше бала қамтылды. Сондай-ақ, Қордың қолдауымен елордалық 2500 бала «Балалардың мүддесі үшін қозғалыс» жобасына қатысты. 


«Бейімделгіш дене шынықтыруға баса назар аударылады. Бұл да еліміздегі мамандарға байланысты. Көптеген университеттерде бейімделген дене шынықтыру факультеттер ашылуда, бұл да біздің мұғалімдерге қатысты. Алдағы уақытта біздің бейімделген үйірмелерімізден өз ісіне немқұрайлы қарамайтын мамандар шығады деп үміттенеміз, бүгінде алты өңірде 600 ерекше баланы қамтитын 30 үйірме жұмыс істейді», - деп түйіндеді Мирас Іргебаев. 


Ол сондай-ақ «Қазақстан мұғалімі» бүкіл білім беру жүйесінің білім беру сапасын арттырудың қосымша құралы және Қоғамдық маңызы бар бастамалар қорымен ынтымақтастықтың бастауы болатынына сенім білдірді.