«Қазіргі уақытта республика аумағында табиғи өрттер тіркелген жоқ, барлығы оқшауланды. Ағымдағы жылдың шілде айында 796 табиғи өрт пен жану жойылды, оның 120-сы ормандарда орын алды. Ең ірі табиғи өрттер Қарағанды және Ақмола облыстарында тіркелді, нәтижесінде екі адам қаза тапты. 3-7 және 25-27 шілде аралығында Қарағанды облысының Ұлытау ауданында жалпы ауданы 46 000 гектардан астам жерде 7 ірі дала өрті болды. Екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен желден өрт бағытын жиі өзгертіп, оны сөндіру қиынға соқты», - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Марат Хасенов. 


Оның айтуынша, қауіпті өрт жағдайы тамыз айында да сақталады. Қазгидрометтің мәліметінше, келесі айда орташа температура нормаға жуық болады, бірақ республиканың басым аумағында (оңтүстік, орталық, батыс) ауа температурасы 38° дейін жетеді, бұл өрт қаупінің жоғары деңгейінің сақталуына әкеледі. 


Өрт сөндіруші қазақстандықтарды орман және дала алқаптарында болған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабында қарастырылған жауапкершілік туралы еске салды.