«Игорьге екінші тәсіл есептелмегенде, біздің төрешілер челленджді ұсынды. Темір көтерудің өзіндік ерекшеліктері болады. Біздің судьялар бәрін дұрыс жасады, бірақ, өкінішке қарай, қазылар алқасы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Зульфия Чиншанлоның жарысына қатысты БАҚ-та Олимпиададағы Қазақстан өкілдеріне қатысты сұрақтар туындағанын естідім. Ольга Соловьева біздің халықаралық санаттағы судья, қазылар алқасының президенті болды.  Чиншанло үшін жақтасқанымен шешім көпшілік дауыспен  қабылданған»,- деп жауап берді спикер.


Айтпақшы, ол болашақ Олимпиадаға арналған жоспарларымен бөлісті және елде допингке қарсы қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз атлеттерімізбен келесі Олимпиада ойындарына толық құрамда қатысуды жоспарлап отырмыз. Осы Олимпиада ойындарына біліктілік жүйесі бірқатар шектеулерді көздеді, осыған байланысты Қазақстаннан тек екі спортшы қатысты. Допингке қарсы қызметке қатысты айтатын болсам Федерация ең алдымен допингке қарсы бағдарлама бойынша білім беру жұмыстарын, семинарлар, тренингтер өткізеді. Жыл сайын допингке қарсы кодекске өзгерістер енгізілетінін білесіздер. Биылғы жылы барлық чемпионаттар, ішкі жарыстар аясында біз ҚазҰӨА (қазақстандық допингке қарсы орталық) қолдауымен бірқатар семинарлар өткіздік. Біздің шетелдік шығуларымыз бойынша барлық командалар халықаралық жарыстарға шықпас бұрын, нәтижелердің тазалығына тағы да көз жеткізу үшін қосымша допинг-бақылау жүргіземіз», - деп жауап берді федерация өкілі.


Айта кетейік, Қостанайда Жастар ойындары аясында бір оқиға анықталды. Хаттама бойынша әрбір жағдай бойынша жеке тексеру, тергеу жүргізіледі, атлеттің және қатысы бар жаттықтырушылардың кінәлілігі анықталады.


Допингке қарсы бақылауды халықаралық бақылаушылар да жүргізеді. Пандемияға қарамастан, олар біздің атлеттерден допинг сынама алу үшін Қазақстанға келді.