Ұйым басшысы Әсел Мұхаметжанованың айтуынша, ұлттық білім беру деректер базасын пайдалану бойынша таныстыру және оқыту роликтері енгізілген. 


«Өз аймағыңыздағы, жалпы елдегі мәліметтермен танысу мұғалімге стратегиялық көзқарас қалыптастырады, олар зерттеу жүргізуге де көмектесуі мүмкін. Педагогтар мен студенттер edu.kz платформасында асинхронды оқи алады, яғни жеке тәртіпте. Кез келген уақытта жаттығуды тоқтата аласыз, ал ыңғайлы болған кезде қайта ораласыз. Платформа 31 қазанға дейін, үш айға дейін қолжетімді болады. Бұл курсты педагогтарды аттестаттау үшін пайдалануға болмайтынын ескерткім келеді. Біз ұлттық педагогикалық жоғары оқу орындары тарапынан осы курсты бірінші межелік бақылаудың бір бөлігі ретінде пәндердің біріне қосуға дайын екендігімізге қуаныштымыз. Педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары үшін бұл оқытудың мазмұнын өзектендірудің жақсы мүмкіндігі деп ойлаймын», - деп мәлімдеді «Өрлеу» АҚ басқарма төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 


АКТ педагогикасын игерудің озық деңгейін меңгеруді edu.kz платформасында жеке кабинеттен бастай аласыз. Ол жерде тіркелу керек. Айта кетейік, мамандар тыңдаушыларға үнемі мессенджерлер мен колл-орталықтар арқылы қолдау көрсетеді.