«Күн тәртібінде өте маңызды мәселе - біліктілікті арттыру сапасы. Оны көптеген құралдар, біліктілікті арттыру курстарының тиімділігін мониторингтік зерттеулер арқылы қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бізге сыртқы сарапшылар, мәжіліс, мәслихат депутаттары келеді, сабақтарымызға білім басқармасының өкілдері де қатысады. Біз үшін екінші үлкен бағыт - педагогтарды үздіксіз кәсіби даярлау. Ұлттық педагогикалық университеттермен, біліктілікті арттыру ұйымдарымен, мектептермен, білім басқармаларымен педагогтың даму үдерісінде кім және қандай орын алатынын, педагогтың қандай дағдыларды дамыту керектігін әркім түсінуі үшін осындай жұмыс жүргізіледі. Үшінші мәселе - зерттеу. Біз бәрінің негізінде ғылыми деректер жатыр деп есептейміз, қандай дағдылар қажет, педагогтарға не қажет, қандай біліктілікті арттыру курстары, жас, неғұрлым тәжірибелі, ауылдық және қалалық педагогтарға не қажет екенін түсінуімізге негіз болады. Тиісінше, осы жұмысты жүргізетін жаңа ғылыми зерттеу департаменті құрылды», - деді спикер.