«Іс жүзінде бұл курс жаппай ашық онлайн курс болып табылады. Бұл тапсырма оқу жылы басталар алдында барлық педагогтарды тегін қамтамасыз ету және қамту болды. Бұл өзіндік мақсат. Мақсаты - бүгінгі таңда қолданылып жүрген білім беру платформалары, цифрлық ресурстар туралы айту, бұл оларға сабақты бастауға, бағалауды дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл ретте көмекке мұқтаж педагогтар бар екенін түсінеміз. Оны қазір колл-орталықтарымыздан, мессенджерлерімізден, е-мэйлдерден көріп отырмыз, бізге тіркеу мәселелері бойынша да жүгінеді. Біз форматты ескере отырып, кем дегенде басты жағдайлар бойынша осы курсты аяқтауға көмектесу үшін жұмыс істейміз. Бұл жаппай курс болғандықтан, педагогтардың жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету қиын болады», - деп түсіндірді ұйым басшысы. 


Ол курсқа 6 мыңға жуық тыңдаушы тіркелгенін, жүздеген өтініш келіп түскенін жеткізді. Техникалық жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. 


Әсел Мұхаметжанова ата-аналар үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу мәселесін де қарастыруға уәде берді. Эпиджағдайды ескере отырып, жаңа оқу жылында цифрлық білім өте пайдалы болады.