Қазақстан грек-рим күресінен Олимпиадада медальсіз қалды. Балуан Нұрсұлтан Тұрсынов соңғы кездесуде жеңіліс тапты. Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақтияр Бәйсейітов төрешілер шәкіртінің айла-әдісін есепке алған жағдайда, ол тұғырға көтерілетін еді деп санайды. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Олимпиадалық қалашықтан бейне байланысқа шыққанда мәлімдеді.  


«Олимпиада ойындары әлі де өтіп жатыр, бірақ, өкінішке орай, біздің спорт түрі бойынша жарыс аяқталды. Бүгін 87 кг салмақ дәрежесіндегі соңғы балуанымыз Нұрсұлтан Тұрсынов неміс спортшысымен күш сынасты. Неміс палуаны - Рио Олимпиадасының жүлдегері, Еуропа жүлдегері. Жекпе-жекте біздің спортшымызды бірінші, екінші кезеңде оның қарсыласын төрттағандатып қойды. Нұрсұлтан жасаған әдіс бағаланбады. Мен челлендж тастадым, ол қарастырылды, бірақ ұпай берілмеді. Барлық ережелер бойынша ол толық көтеріп, лақтырды, бұл үшін екі техникалық ұпай беріледі. Осы екі техникалық балды есептеген кезде Нұрсұлтан жеңіске жетер еді», - деді бас бапкер.