Оның айтуынша, әріптестердің басым бөлігі вакцинацияланған кезде, ауырып қалу қаупі өте төмен болады. 


«Жұмыс орнында адамдардың басым бөлігі егілген кезде, коронавирустың күрт айналымы түбегейлі төмендейді. Шын мәнінде, барлығы дерлік вакцинацияланған жағдайда вирустық жүктеме, басқа адамдардың жұқтыру ықтималдығы нөлге дейін азаяды. Иә, әрине, вакцинацияланған адам басқа жерден жұқтыруы, коронавирус тасымалдаушы болуы мүмкін, бірақ басым бөлігі екпе салдырған жұмыс орнына келгенде аурудың берілу қаупі төмендейді. Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында ересектердің 70% - дан астамы вакцинацияланғанын түсінген кезде, маска тақпауға рұқсат етілді. Әңгіме жұмыс орнындағы ұжымдық иммунитет туралы. Біз қоғам ретінде осыған ұмтылуымыз керек. 
Адамдардың 70-80% вакцинацияланған басқа қалаларда да қауіп бар, бірақ ол өте төмен. Әңгіме инфекция жұқтыруды мүлдем болдырмау туралы емес, оны барынша азайту жайлы», - деп түсіндірді сарапшы. 


Сонымен қатар ол вакцинацияның салдары туралы бірнеше болжам барын атап өтті. Израильдегідей үшінші компонентпен ревакцинациялау мәселесі талқылануда. АҚШ-та аутоиммунды аурулары бар адамдарға ревакцинация жасау ұсынылып отыр. Ал кейбір дереккөздер қазіргі екі компонент өмір бойына толық иммундау үшін жеткілікті болады деп мәлімдейді.