«2020 жылдың қорытындысы бойынша геологиялық барлауға салынған инвестициялардың көлемі 137,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда министрлік жер қойнауын пайдалануға арналған құқықты беруді көмірсутек шикізаты саласында жүзеге асырады. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалануға арналған құқықты алу ұлттық компанияны қоспағанда электрондық аукцион арқылы ғана мүмкін. 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап тәуелсіздік жылдарында министрлік алғаш рет жер қойнауын пайдалануға электрондық аукцион өткізілді. Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 10 жер қойнауы учаскесі бойынша 2020 жылғы 28 қыркүйекте министрліктің интернет-ресурсында алғашқы электрондық аукцион жарияланды», - деді вице-министр. 


Бірінші аукцион бойынша қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 61 млрд теңгеге 7 жер қойнауы учаскесі бойынша аукцион жеңімпаздары анықталды. Қол қою бонустарының бастапқы мөлшерінен 232 есе көп. Бірінші аукционның қорытындысы бойынша 8 жер қойнауы учаскесімен келісімшарт жасалды.  


«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге екінші электрондық аукцион Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарында орналасқан 15 жер қойнауы учаскесі бойынша 2021 жылғы 23 қаңтарда министрліктің интернет ресурсында жарияланды. Оның қорытындысы бойынша 10 учаскеде бюджетке түсетін қол қойылатын бонустың жалпы сомасы 9,3 млрд теңгені құрады және бүгінде барлық объектілермен келісімшарт жасалды», - деді Ж.Қарағаев. 


Ағымдағы жылдың соңына дейін министрлік 25 жер қойнауы учаскесі бойынша тағы бір аукцион өткізуді жоспарлап отыр. Жыл басынан бері 25 келісімшартқа қол қойылды.