Оның айтуынша, жер қойнауын пайдаланушы мен тәуелсіз сарапшы арасындағы байланысты болдырмау мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тәуелсіз сараптама жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі функция Тәуелсіз сараптама операторы атынан «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ға жүктелген. 


«Бір сарапшының субъективті бағалауын болдырмау мақсатында, бір жобалау құжатына тәуелсіз сараптама жүргізу кезінде 3 тәуелсіз сарапшыны тағайындау көзделген. Орталық комиссияның құрамындағы мүшелердің саны 22-ден 33-ке дейін ұлғайды. Құрамына «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ геология және көмірсутегі кен орындарын әзірлеу саласында арнайы білімі мен жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар қосымша енгізілді. Қосымша нормативтік құқықтық актілер қабылданды», - деп атап өтті спикер.  


Бұл «Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеуді талдауларға тәуелсіз сараптаманы ұйымдастыруға және жүргізуге арналған тәуелсіз сараптама операторының шығындарын айқындау қағидалары», сондай-ақ, «Базалық жобалау құжаттарына және әзірлеу талдауларына тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз сарапшыларды біліктілігі жағынан іріктеу жөніндегі талаптар». 


2020 жылы Орталық комиссияның 9 отырысы өтті, оның шеңберінде 107 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 88 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 19 жоба бойынша теріс қорытынды берілді. 2021 жылдың 6 айында орталық комиссияның 5 отырысы өтті, онда 51 жобалау құжаты қаралды, оның ішінде 38 жоба бойынша Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы, 13 жоба бойынша теріс қорытынды берілді.