Айта кетейік, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушыларды қолдау кеңсесінің директоры Анна Баталованың айтуынша, тіркеу рәсімі күрделі емес. 


«Жеке тұлға да, заңды тұлға да, Қазақстан Республикасының резиденті немесе резиденті еместер де үміткер бола алады, біз талап еткен барлық ақпаратты міндетті түрде орналастыруға тиіс. Өтінімдерді диагностикалауды тәуелсіз комитет жүргізеді, ол үш адамнан тұрады және олардың әрқайсысы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді, яғни технологиялық бағалау, стартапты қаржылық-экономикалық және құқықтық бағалау. Комиссия өз қорытындысын тәуекел-менеджерге береді, ол да белгілер қойып, өз ескертулерін, ұсыныстарын жасайды. Содан кейін Тәуелсіз комиссия комитеттің қорытындысын қарайды және оны орынды деп тапса, стартаптарды онлайн презентацияға шақырады», - деді спикер. 


Жобалар төрт бағыт бойынша таңдалады: команданы бағалау, нарық көлемі, технологиялылығы және прогресс. Рейтинг көшбасшыларымен Seed money бағдарламасына қатысуға шарт жасалады. 


Бұл бағдарлама алдыңғы аударымдар есебінен алғаш рет іске қосылды. Қаржыландыру бағдарламасына қатысқан кезде стартаптар қарсы міндеттемелер ретінде үш жыл ішінде табыстың 1% - ын аударуы тиіс. Қаржылық айналым осындай.