Оның айтуынша, жайылым айналымы ережелерін сақтау туралы норма «Жайылымдар туралы» заңда да бекітілген және жер учаскесін жалдау шартында көрініс табуы тиіс. Оны орындау әрбір жер пайдаланушының тікелей міндеті болып табылады. Алайда, тиісті техниканың болмауына байланысты оны бақылау мүмкін емес. Бұл қажетті қолданбалы ғылыми зерттеулерді қажет етеді. АШМ мәдени және аридті жайылымдарды құруға, олардың өнімділігін түбегейлі және жер үсті жақсарту есебінен арттыруға баса назар аударуға ниетті. 


«Пайдаланылатын жайылымдардың шекарасын кеңейту мәселелеріне келетін болсақ, мұнда негізгі проблема оларды суландыру болып табылады. Осы уақытқа дейін министрлік осы мәселені шешу үшін жүргізген жұмысты жандандыруы қажет. Бұл проблеманы шешу таяу перспективада біздің басымдықтарымыздың бірі болады. Естеріңізге сала кетейін, қолданыстағы бағдарлама бойынша фермерлер есебінен құдықтарды салу және қайта жаңарту қарастырылуда, олардың шығындарының 80%-ы - республикалық бюджет есебінен 50%-ы және жергілікті бюджет есебінен 30%-ы субсидияланады. Жайылымдар туралы айтқанда, олардың жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету проблемасын айналып өту мүмкін емес. Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлердің тапшылығына байланысты жағдай жеке қосалқы шаруашылықтар үшін деградациямен күрделене түсуде. Бұл проблеманы шешудің қолданыстағы тетіктері бөлінетін жерлердің елді мекендерден алыстығына және олардың жайластырылмауына байланысты ауыл тұрғындары үшін жоғары шығынды немесе қолайсыз екенін түсіну керек. Бүгінгі таңда бұл негізінен мәселені шешуге кедергі келтіреді. Бұл жағдайдан шығудың бір жолы ЖҚШ кооперациясы деп ойлаймыз. Елімізде жайылымдық алқаптарды бөле отырып, кооперативтерге қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған құрылымдар құру бойынша ғана емес, елді мекендерге жақын орналасқан және жайылымдық алқаптардың резервтік алаңдары бар шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау бойынша да оң мысалдар бар. Бұл жерде мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шараларын пайдалана отырып, осы тәжірибені көбейткен орынды деп ойлаймын. Жақында Үкімет отырысында республика бойынша жеке қосалқы шаруашылық кооперациясы бойынша Жамбыл облысының оң тәжірибесін тарату мәселесі қаралды. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деп сендірді Қарашөкеев.  


Процестерге үлкен серпін беру үшін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне тиісті түзетулер әзірлеу жоспарлануда. Бұл шаралар саланың тұрақты дамуына, оған ауа райының әсерін барынша азайтуға және қазіргі құрғақ жағдайды қайталамауға негіз болуы тиіс.