«Бекітілген кәсіптік стандарттар 2689 мамандықты және бүкіл ел бойынша экономикалық қызмет түрлерінің кіші кластарынан 27% - ын қамтиды. Салалар бөлінісінде кәсіптік стандарттармен ең көп қамту құрылыс (94,4%), ауыл шаруашылығы (78%), ақпарат және байланыс (57,9%) салаларында байқалады. Кәсіби стандарт шеңберінде біз қолданыстағы біліктілік жүйесін, соның ішінде ұлттық кәсіптер сыныптауышын, қолданыстағы Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын нақты түсінуге және салыстыруға тиіспіз, олар кәсіби стандарттардың бекітілуіне қарай жойылады. «Атамекен» ҰКП және жұмыс берушілер бірлестігімен кәсіби стандарттар әлі қамтылмаған салалар бойынша шаралар жүргізіп жатырмыз. Міндет 2025 жылға қарай экономикалық қызмет түрлерінің шамамен 70%-ын кәсіби стандарттармен қамту болып табылады», - деді Ақмәди Сарбасов.  


Бұл үшін кәсіби стандарттар мен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу дағдылары бар 200-ге жуық сарапшы оқытылды. Оқу мекемелері кәсіптік стандарттарда белгіленген талаптарды ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Осылайша, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлау қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссиямен реттелетін 72 мамандықтың тізбесі бекітілді. Бірінші кезекте, денсаулық сақтау және қаржы.  


Спикердің айтуынша, мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттауды «Атамекен» ҰКП 38 сертификаттау орталығы жүзеге асырады. Олар мамандарды реттелмейтін мамандықтар бойынша бағалайды.