Оның айтуынша, елімізде 203 жұмыспен қамту орталығы қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы 175 мың адам жұмысқа орналастырылды, 30 мыңнан астам адам жұмысынан айырылу бойынша төлем алады. 16 мыңы - жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, олар жастар практикасына жіберілді, тағы 16 мыңы - мүгедектігі бар, көп балалы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, ал біліктілігі төмен қызметкерлер негізінен қоғамдық жұмыстарға жіберіледі, биыл 110 мыңы жұмыспен қамтылған, 14 мыңы - қысқа мерзімді курстарға жіберілді. 


«Аталған жұмысты жаңғырту бойынша жұмыстар үнемі жүргізіледі. Жұмыспен қамту орталықтарында көп арналы жүйе енгізілген: бүгінде келудің қажеті жоқ, өзара іс-қимылды электрондық еңбек биржасы, eGov, телефон арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл тек жеке тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге де қатысты. Өткен жылдың қараша айынан бастап онлайн форматта, бұл цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшу бойынша жасалған  алғашқы қадам, жұмыссыздарды тіркеуге байланысты 5 қызмет, жұмысынан айырылу бойынша төлемге өтінім беру мәселелері және субсидияланатын жұмыс орындарының үш түрі ауыстырылды. Жыл соңына дейін «Ұрпақтар келісімшарты» және «Алғашқы жұмыс орны» жаңа шараларын онлайн форматқа көшіру жоспарлануда. Келесі жылы бұл жұмыс қашықтан кеңес беру форматына көшу тұрғысынан күшейтілетін болады», - деді барлық жұмыспен қамту орталықтарының басшысы.


ХЖҚО жұмысын жетілдірудің келесі кезеңі қызмет көрсетуді қашықтан форматқа көшіру болады. Ең алдымен, бұл сұранысқа ие қызметке қатысты – бейне байланыс құралдарын пайдалана отырып, нақты уақытта мәселелердің кең спектрі бойынша ізденушілер мен жұмыс берушілерге консультациялар беру. Бұл жұмыс 2022 жылы жүргізіледі деп жоспарлануда. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде немесе интернетке шығу проблемалары бар адамдар үшін халықты көбірек қамтуды және қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін мобильді (жылжымалы) жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.