Оның айтуынша, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізілді.

«Инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын субъектінің инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізіледі. Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне 1203 ТМС-дан 2020 жылға инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар іс-шараларының орындалуы туралы 2341 есеп келіп түсті, нәтижелері бойынша ТМС міндеттемелерінің орындалмауы анықталды, осыған байланысты елдің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 10,2 млрд.теңгеге астам 266 ТМС-ға уақытша өтемдік тарифтері бекітілді»,- деді ведомство басшысының м.а.

Бұдан басқа, тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын жылу үшін артық төленген ақша қайтарылады. 2020-2021 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 415 млн теңгеден астам ақшалай сома қайтарылды.