«Жалпы, жоғарыда аталған шаралар 2020 жылдан 2021 жылға көшу кезінде халық үшін тарифтердің көтерілмей сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтердің бір деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Президенттің тапсырмаларын орындау аясында тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге, ТКШ саласында ТМС тұтынушылары қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауға, сондай-ақ коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруды ынталандыруға және халықтың жол картасы форматында тұтынылатын ресурстарға үнемді көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені қабылданды. Осы Жол картасын іске асыру қорытындылары бойынша 2020 жылы келесі бағыттарда жұмыс жүргізілді: ТМС қызметіне бақылауды күшейту, ТМС сатып алуға талдау жүргізу, Тариф белгілеудің ашықтығын және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету. ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтер қамтамасыз етілді. ТМС қызметінің тиімділігі арттырылды», - деді спикер.
Ол сондай-ақ, 2015 жылдан бастап табиғи монополия салаларында тұтынушылар мен ТМС мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған 5 және одан артық жылға арналған шекті ұзақ мерзімді тарифтерді қабылдау бойынша тарифтік саясат жұмыс істейтінін қосты.
2021-2025 жылдарға ТКШ саласының субъектілеріне жалпы сомасы 966,6 млрд теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілді
Салынған инвестициялар нәтижесінде авариялар санының 11%-ға; негізгі жабдықтың тозу көрсеткіштерінің әрбір сала бойынша орта есеппен 4%-ға дейін; нормативтік-техникалық ысыраптардың әрбір сала бойынша 1,5% - ға дейін төмендеуі; әкімшілік-басқарушылық және өндірістік персоналдың жалақысының 20% - ға ұлғаюы күтіледі.