Асхат Жапсарбайдың айтуынша, Қазақстан Республикасы бойынша 2020-2021 жылдар аралығында халыққа шамамен 415 млн теңге қайта есептелді. Елордада жылу тарифі өзгерген жоқ. Егер есептеу құралдарына қатысты күмән туындаса, жылумен жабдықтау мекемесінің қызметкерлерімен бірге жұмыс істеу керек. 
«Жылумен жабдықтау тарифтеріне келетін болсақ, бұл сыртқы ауа температурасына байланысты, бірақ үйіңіздің тікелей тұтынуы үйге арналған жалпы есептеу құрылғысымен бекітіледі. Егер үйге арналған жалпы есептеу құралы алдыңғы маусымдағыдай жылу тұтыну көлемін көрсетеді деп айтсаңыз, онда үй бойынша анықтайық, неге көбейгенін білейік?! Нұр-Сұлтан қаласында өткен жылдың басында тексерулер көп жүргізілді, 20-дан астам тексеру болды. Шынында да, бұзушылық фактілері болды. Жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бірақ бұл жылумен қамтамасыз ететін ұйымдардың, МИБ мен ПИК-тердің құқықтық қатынастары реттелмегендігімен байланысты орын алды. Бұл үйдің тұтынушылары артық төлем жасауына негіз болды. Тұтынушылар артық төлеген жерде жылумен жабдықтаушы ұйымдар бұл соманы қайтаруы тиіс екендігі туралы ұйғарым шығардық. Бұл жұмыстар жүргізілуде, бірақ ауқымды емес, әр ТК байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Комитетке хабарласуыңызды сұраймын, біз мәселені зерделеуге дайынбыз», – деп жауап берді ТМРА басшысының м.а. барлық қазақстандық тұтынушыларға қаратып айтқан сөзінде.  

Ашық және адал жұмыс принципі осындай.