Біріншіден, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кәсіпорындардың өндірістік бақылау рөлін арттыру мақсатында өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды тұлғаларының қызметі регламенттелді және олардың мәртебесі күшейтілді.

«Ұйымның лауазымды тұлғаларына жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін талаптарды бұза отырып жүзеге асырылатын жұмыстарды тоқтата тұру өкілеттіктерімен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тұлғаларды жұмыстан шеттету құқығы берілген. Бұл жаңашылдықтар кәсіпорынға өз қызметінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуын өз бетінше анықтауға мүмкіндік береді, осылайша кәсіпорын иесі олардың алдын алуға мүдделі болады, өйткені өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқарудың қабылданған жүйесі өрескел бұзушылықтар болмаған кезде бір жылға тексеру жүргізудің ерекше тәртібінен босату түрінде адал кәсіпкерлерді көтермелеуді көздейді», - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, құқықтық вакуумды жою үшін Заңмен қауіпті өндірістік объектілерде жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері мен сипаттамаларын нақтылайтын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту бойынша өкілеттіктерді беру жөніндегі уәкілетті органның құзыреті кеңейтілді, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады. Қызмет ету мерзімі өткен лифтілердің, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың техникалық жай-күйін оларды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау мақсатында тексеру жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірленді және т.б.