«Бұл жұмыстарды жүргізу технологиясы әртүрлі, бұл тиісінше орындалатын авариялық-құтқару жұмыстарының ерекшелігін ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстардың мамандандырылған кешендерінің болуын, арнайы техникамен, аппаратурамен және жабдықпен жарақталуын талап етеді. Аталған түзетулер аварияларды жоюға жабдықталған және нақты дайын кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін тартуға тікелей мүдделі болуы тиіс өнеркәсіптік кәсіпорындардың жауапкершілігін арттырады. Қауіпті өндірістік объектідегі авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу үшін авариялар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның өкілеттіктері, оларды құру, нәтижелерді ресімдеу тәртібі және тергеп-тексерулер жүргізілгеннен кейінгі ұйымдардың іс-қимылы нақтыланды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік инспекторлардың жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі регламенттелген», - деп мәлімдеді спикер.

Ал ескірген, моральдық және физикалық тозған жабдықтарды қолданыстан біртіндеп шығару мақсатында қауіпті өндірістік объектілерді уақтылы жаңарту және техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу мәселелері заңмен ішінара реттелген.

Сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттауды өткізуге; өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы авариялық-құтқару қызметтерін аттестаттау қағидаларын әзірлеуге және бекітуге; кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің штат санының нормативтері мен жарақтандыру нормаларын айқындайтын нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге;

қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың қолданылуына және есепке алынуына талдау жүргізуге қатысты шешімдер қабылданды.

Бұл заңнамалық түзетулер қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.