«Геологтардың еңбегінің арқасында экономиканың тұрақты дамуын және мемлекеттің материалдық әл-ауқатын қамтамасыз ететін кен орындары ашылды. Көптеген қалалар геологтардың қызметі нәтижесінде өсті. Геология саласын дамыту үлкен маңызға ие. Осылайша, Елбасы Н.Ә.Назарбаев экономиканың дәстүрлі өндіруші салаларының тиімділігін арттыру және Қазақстанды геологиялық барлаудың әлемдік нарығына шығару жөнінде міндет қойды, ал Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев оңтайландыруға байланысты Ұлттық жобаға айналған бес жылдық кезеңге арналған геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды», - деді спикер.

Минералды-шикізат базасының ағымдағы жағдайына тоқталған вице-министр, еліміздің пайдалы қазбаларының мемлекеттік балансында жалпы 8 мыңнан аса кен орны тіркелгенін жеткізді. Оның ішінде көмірсутек – 317, қатты пайдалы қазбалар – 910, кең таралған пайдалы қазбалар – 3 мыңнан астам және 4 мыңға жуық жерасты суларының кен орындары.

«ҚР мұнайдың баланстық қорлары 4,4 млрд тоннаны, газ – 3,8 трлн м3, конденсат – 414 млн тоннаны құрайды. Олардың басым бөлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында шоғырланған. Бұл ретте, көмірсутек шикізатының 68% қоры 3 ірі кен орындарының, атап айтқанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақтың үлесіне келеді. Сондай-ақ, қатты пайдалы қазбалардың қорын есептеу металл пайдалы қазбалардың 37 түрі және бейметаллдың 65 түрі бойынша жүргізіледі. Басым түрлеріне тоқталып өтейін – олар алтын, мыс, қорғасын және мырыш. Алтын кен орындарының негізгі қорлары Шығыс Қазақстан облысында – 36%, Ақмола облысында – 21%, Қарағанды облысында – 11% шоғырланған. Мыстың 82% қоры еліміздің Шығыс және Орталық өңірлерінде шоғырланған. Үш мыңнан астам қорғасын-мырыш кен орындары және кенашылымдары, негізінен, Орталық, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған», - деді вице-министр.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, елімізде 43 млн м3/тәул. бекітілген қоры бар 4 мыңға жуық кен орны есепке алынады. Қорлар біркелкі таралмаған. 50% Оңтүстікте, 30% – Орталық, Солтүстік және Шығыс өңірлерде және 20%-дан азы – Бастыста шоғырланған.