2021 жылдың шілдесінен бастап ол Африкадағы G-Global халықаралық платформасы өкілдігінің басшысы және «Жастардың ТДМ және БҰҰ күн тәртібін іске асыруға қосқан үлесі-2030» G - Global халықаралық қорының төрағасы; «Жібек жолы жаһандық сыйлығы»/«Global Silk Road Award» Халықаралық кеңесінің мүшесі; ядролық қарудан азат әлем және ядролық қауіпсіздік үшін көшбасшылардың жаһандық альянсының мүшесі. Бұл бірлестіктердің барлығы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы-Елбасының бастамасы.

Белсенді әрі филантроп басқаратын қор бірнеше бағытта жұмыс істейді. Біріншісі - жастарды көшбасшылық дағдыларға үйрету, екіншісі - әйелдер кәсіпкерлігі, ол енді ғана қолға алынды.

«Менің атам Нельсон Мандела Денсаулық сақтау мен білім беру маңызды мәселелер деп санады. Егер қоғамды өзгерткіңіз келсе, онда балаларға білім алуға мүмкіндік беруіңіз керек. Әлемді  солай ғана өзгертуге болады. Бұл тұрғыда біз балалар мен жастар білім алуы үшін стипендиялар мен гранттар іздейміз. Қызметіміздің бір бағыты – денсаулық сақтау, әсіресе, ауылдық жерлерде, онда мұндай мүмкіндіктер әлдеқайда шектеулі. Қажет материалдарды, жабдықтарды сатып алу үшін қаражат жинаймыз. Сондай-ақ, келесі жылы G-Global Африкада жаһандық жобаларды іске қосатынын айтқым келеді, оған біз өте ризамыз. Себебі G-Global-дың жұмыс орындарын ашудағы, Африкадағы әйелдер үшін мүмкіндіктерді арттырудағы рөлі мультипликативті әсерге ие. Бір адамға үйретіп, онына мүмкіндік бересіз. G-Global құрған 8 мың жұмыс орны миллиондаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына әкелді және ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді деуге болады. Сондықтан шақырғаныңыз үшін рахмет», - деп атап өтті қонақ.

Ол сондай-ақ жемісті ынтымақтастыққа сенімін білдірді.