Мысалы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы салық режімі пайдаланылатын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін табыс салығынан босату қолданылады. Бұл шара шамамен 1,2 млн микро және шағын бизнес субъектісін қамтиды. Жеңілдіктің жалпы сомасы – 382 млрд теңге. Бұл үнемделген қаражатты айналым қаражатын толықтыруға жұмсауға мүмкіндік береді. 

«Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап зардап шеккен салаларда алынған табыстың 3% мөлшерлемесімен бөлшек салықтың жаңа арнайы режімі енгізілді - бұл 114 ЭҚЖЖ Бұл жүктемені азайтады және салықтарды есептеу мен төлеу тәртібін жеңілдетеді, шығыстардың күрделі есебін жүргізу талап етілмейді. ҚҚС төлеушілер болып табылмайды. Ағымдағы жылғы наурыздан бастап 300-ге жуық ШОБ жеңілдіктің осы түрін қолданылуда. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейін зардап шеккен салаларда еңбекақы төлеу қорынан салықтарды төлеу кейінге қалдырылды. Бұл жеңілдік Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жасалды. Бұл шараны 900 мыңнан астам жұмысшы еңбек ететін 137 мыңға жуық бизнес субъектісі пайдаланды. Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап жаңадан құрылған өндірістік компаниялар үшін 70% мөлшерінде ҚҚС бойынша қосымша есепке алу құқығы берілді, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлеріне ұсынылған қорғау құралдарының құны ЖТС-тен босатылды. 
Келесі жылдан бастап бизнесті жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға пайдаланылатын табысқа КТС-тен босату жөніндегі шаралар көзделген», - деп атап өтті ведомство өкілі. 


Бизнеске жүктемені түбегейлі төмендету, оңтайлы және тиімді реттегіш жүйені қалыптастыру мақсатында кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан» реттеудің жаңа тәсілдері қалыптастырылуда. Олар мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылының базалық қағидаттарын жетілдіруді көздейді. Атап айтқанда, негізсіз реттеушілік талаптарға жол бермеу; мемлекеттік реттеудің жүйелілігі, бірізділігі және сабақтастығы. 


«Мемлекет енгізетін кез келген реттеушілік талап негізділік, тұрақтылық, тәуекелдер деңгейіне мөлшерлес болу, айқындылық (екіұшты түсіндіруге жол бермеу), ШОК субъектілері үшін де, мемлекет үшін де әкімшілендірудегі жеңілдік шарттарына сәйкес келуі тиіс. «1 in, 2 out» қағидаты - жаңа реттегіш құралын енгізу құқықтық реттеудің сол саласында қолданылатын екі құралды алып тастауды талап етеді. Міндетті талаптар тізілімі – бизнеске арналған талаптардың толық тізбесін қамтитын бірыңғай ақпараттық ресурс. Бұл ретте реттеушілік талаптардың бүкіл ауқымы (12 мыңнан астам) базалық қағидаттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта қаралатын болады. 
Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілістің қарауына енгізілді»,- деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.