ҚР ҚК Бас штабының Ұйымдастыру жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов пандемия басталғалы Қарулы Күштерде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және бодырмау бойынша кешенді шаралар қабылданғанын тағы да еске салды. Жинау пункттерінде бақылау басталады, әскерге келгеннен кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер екі апталық карантинге жатқызылады, ол аяқталғаннан кейін екінші рет ПТР зерттеу жүргізіледі. 
Бұдан басқа, әрбір әскери бөлімде санитарлық бекеттер ұйымдастырылды. Барлық сарбаздар тұмаудың немесе КВИ алғашқы белгілері болғанда өзін қалай ұстау керектігін біледі. 

«Егер ЖРВИ немесе коронавирустық инфекцияның белгілері болса, олар дереу оқшауланады. Әрбір әскери қызметшіге түсіндірілген алгоритм бар: егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, температура болса, өзін жайсыз сезінгенде және т.б. жағдайларда қалай және не істеу керек екендігі. Маска тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтау; ӘК барлық үй-жайлар, әр түрлі заттардың беттері күніне кемінде екі рет дезинфекцияланады; желдету; жауынгерлік даярлық іс-шаралары жазда негізінен ашық ауада өткізіледі. Карантиндік шектеу шаралары қолданылады. 
 

Жеке құрамды вакцинациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда жеке құрамның 99%-ы бірінші компонентпен, ал 96%-ы екінші компонентпен егілді. Қарсы көрсетілімдері бар немесе бұрын КВИ-мен ауырғандарды қоспағанда, мерзімді қызметтің барлық әскери қызметшілері толық көлемде вакцинацияланды. Бақытымызға орай, осы кезеңде коронавирустық инфекциямен байланысты өлім мен қайтарымсыз шығындар болған жоқ», - деді полковник.