Оның айтуынша, жарылыстар мен тарсылдар түнде тоқтады. Қазіргі кезде бірнеше қоймадағы өрт қалдықтары бықсып жатыр. Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. 

«Өкінішке орай, оқиға салдарын жою кезінде 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл полковник Қапезов - оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, келісімшарт бойынша сержант Мешінбай, келісімшарт бойынша ефрейтор Жанболатов, әскерилендірілген күзет қызметшісі Далибаев. Барлық әріптестерімнің атынан қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамын. Қазіргі кезде бірнеше адам әлі байланысқа шыққан жоқ, олар тірі деп үміттенеміз, іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға себептерін анықтаумен құрылған жедел-тергеу тобы айналысуда. Алдын ала болжамдар бойынша себептер әртүрлі болуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, өздігінен жану, химиялық реакция. Сондай-ақ қасақана өртеу немесе диверсия сияқты болжамдар да қарастырылуда», - деп атап өтті ведомство басшысы.

 
Оның мәліметінше, қаза тапқандардың немесе жараланғандардың арасында бейбіт тұрғындар жоқ. 
Темір жол қозғалысын қалпына келтіру үшін инженерлік-саперлік бөлімшелердің әскери қызметшілері сақтау базасының жанындағы темір жолдарды тексеруде.